1. Менің ғана "Жан Жарым" болғаның үшін!
2. Əлемдегі барлық қыздардың арасынан мені ғана таңдағаның үшін!
3. Махаббат айдынында сыңар аққуым болып бірге жүзгенің үшін!
4. Өмір жолыңды менімен байланыстырғаның үшін!
5. Жақсы-жаман күндерде əрдайым қасыңнан табыламын!- деп уəде бергенің үшін!
6. Ыстық-суықта да бірге болғаның үшін!
7. Менің қыңыр-қисық мінезіме төзгенің үшін!
8. Барлық еркелігімді көтере алғаның үшін!
9. "Сүйікті асыл жарым"- деп, мені ғана атағаның үшін!
10. Тəп-тəтті перзенттерімнің əкесі болғаның үшін!
11. "Əке" деген құрметті атқа лайықты бола білгенің үшін!
12. Біздің арқа сүйер тірегіміз болып, жан жылуыңды төккенің үшін!
13. Дөрекілік танытып, дауыс көтермегенің үшін!
14. Жұмыстан үйге қайтқанда үнемі күлімдеп кіріп, жарық шуақ сыйлағаның үшін!
15. Ең жұмсақ пен ең тəттіні мен жəне періштелеріңнің аузына тосқаның үшін!
16. Бізді үнемі дұғаңа қосқаның үшін!
17. Суық күндерде құшағыңа алып, жылытқаның үшін!
18. Дүниедегі ең көркем сөздерді тек өзіңе арнаймын!- деген жүрекжарды лебізің үшін!
19. Мені исі жұпар аңқыған əсем гүлге теңегенің үшін!
20. Джентельмендерше қолымнан ұстап сүйетінің үшін!
21. Ауырған кезімде дəрі-дəрмегімді əкеліп, ыстық сорпа ішкізіп, жылы көрпеге орап, қамқоршыма айналатының үшін!
22. Жылаған сəтімде жұбатып, əзіл-қалжыңмен ұмыттыратының үшін!
23. Мені ешқайда жібергің келмейтін қызғаншақтығың үшін!
24. Көңіл-күйімді қас-қабағымнан-ақ ұға қоятының үшін!
25. Ренжіген кезімде "Мороженое жейсіңбе?"- деп көңілімді аулайтының үшін!
26. Жаныма отыршы, сенсіз ас батпайды!- деген сөзің үшін!
27. Бұлданған кезіңде тəп-тəтті болып кетесің да!- деп, бетімнен сүйетінің үшін!
28. Əр жексенбі маған арнап дəмді палау басатының үшін!
29. Мен қандай болсам сондайлығымша жақсы көретінің үшін!
30. Екеуміз екі дене, бір жанбыз!- деген ұраның үшін!
31. Менің кемшілігім сұралғанда, мақтап, мерейімді үстем еткенің үшін!
32. Перзенттерімізге "Анашым деп айтыңдар" деп əрдайым үйреткенің үшін!
33. Менің "Жаным" деген сөзіме баладай қуанып, "ау" деп тіл қатқаның үшін!
34. Саған арнап өлең жазғанымда үнсіз толқитының үшін!
35. Ашық-шашық киіндірмей, жабық киімдерде жүргенімді ғана қалағаның үшін!
36. Сұлулығыңды мен ғана көруге тиістімін!- деген қатал ұстанымың үшін!
37. Мені қуанту үшін қолыңнан келгенше тырысатының үшін!
38. Мен қыдырып кеткенде ұзағымен 10 күннен соң, "сағындым" деп, тез қайтуымды сұрайтының үшін!
39. Келген кезімде үнемі пойыздан өзің күтіп алып, үйге тəттілер əкеліп қоятының үшін!
40. Туылған күнімде ең бірінші болып құттықтап, бетімнен сүйетінің үшін!
41. Соңғы демімізге дейін бірге болуды қалайтының үшін!
42. Көп баламыз болсыншы!- деп қолқалағаның үшін!
43. "Алақанымда аялап өтем"- деп, анама сөз бергенің үшін!
44. Бақытты отбасы болуға барынша талпынатының үшін!
45. Отбасың үшін күн-түн демей еңбек етуге əзірлігің үшін!
47. Ер азаматқа сай барлық жоғары қасиеттер бойыңнан табылатыны үшін!
48. Əр таңда бамдат намазына оятып жүргенің үшін!
49. Менің салиқалы əйел болуымды Алладан сұрайтының үшін!
50. Алланы, қияметті əрдайым есіме салатының үшін!
51. Жақсы уағыздар айтып, ізгілікке үндейтінің үшін!
52. Имандылық деген ең бағалы қасиеттің иесі болғаның үшін!
53. Перзенттерімізді Ислами тəрбиемен өсіреміз деген мақсатың үшін!
54. Өзіңе өзіме сенгеннен артық сендіре алғаның үшін!
55. Мені өз разылығыңмен Жəннатул - Фирдоусқа кіргізе алатының үшін!
*Ин Шаа Аллаһ*